
Әлсейіт Еркебұлан Асанбайұлы
Аудан әкімінің орынбасары - экономика, бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы, индустрияландыру, кәсіпкерлік, инвестициялар және туризм мәселелері бойынша
Өмірбаян
1983 жылғы 22 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы «Автомобиль жолдары» қауымдастығында заңгер болып бастаған.
2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор, операциялық залдың басшысы және кадр бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық мемлекеттік мекемесінің Республикалық әдістемелік орталығында ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы және директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
2012-2019 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында қалалық және аудандық бөлімдердің басшысы, филиал директорының орынбасары, кейін филиал директоры қызметтерін атқарған.
2019-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі және Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Жалпы бөлімінің бас консультанты лауазымында жұмыс істеген.
2026 жылдан бастап Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары.



