
Бөлім басшысы
Ивликов Григорий Анатольевич
Бөлім басшысының м.а.
Өмірбаян
1985 жылғы 11 желтоқсанда Қазақ ССР Целиноград облысы Вишнев ауданы Вишневка поселкесінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 2007 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде бастады.
2007 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің тұқым шаруашылығы жөніндегі бас маманының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
2007 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың наурызына дейін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2008 жылдың наурызынан 2009 жылдың қыркүйегіне дейін Ақмола облысы «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ маркетинг жөніндегі бас маманы лауазымын атқарды.
2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың қаңтарына дейін Ақмола облысы «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың мамырына дейін Ақмола облысы «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ жерге орналастыру жөніндегі бас маманы лауазымын атқарды.
2013 жылдың мамыры мен тамызы аралығында Ақмола облысы «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қазан айына дейін Ақмола облысы Аршалы ауданы «Ақтасты-Агро» ЖШС директорының заң мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2016 жылдың қазан-желтоқсан айларында «Ақмола облысы Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарды.
2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың наурызына дейін Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы поселкесі әкімінің міндетін атқарды.
2017 жылдың наурызы мен маусымы аралығында Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы поселкесінің әкімі лауазымын атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі үзілістен кейін 2021 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін «Аршалы поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың маусымына дейін «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.
2026 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының м.а.
Функционалдық міндеттері:
- Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді.
- Бөлімде бақылаудағы құжаттардың, шешімдер мен өкімдердің, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың орындалу мерзімдерінің сақталуын, дайындалатын жауаптар мен ақпараттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
- Мемлекеттік сатып алу және Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау.
- Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкіметінің қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және орындалуын жүзеге асыру, ауданның стратегиялық және индикативтік даму жоспарын әзірлеуді жүзеге асыру, бөлімнің жұмыс жоспарын жасау және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
- Жер қатынастарын реттеу бөлігінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауданда шағын кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті қолдау мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастыру және бақылау, жерді резервте қалдыру, ауыстыру, іздестіру жұмыстары үшін пайдалану, жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша аудан әкімдігінің ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге түпкілікті шешім беру бір түрден екінші түрге, Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату, жер учаскесін алуға кезекке қою.
- Иесіз жер учаскелерінің анықталуын және оларды есепке қоюды ұйымдастыру және бақылау, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау.
- Мемлекет өз құзыреті шегінде жеке меншікке сататын жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
- Ауданның жер ресурстарының жағдайы туралы деректер банкінің жүргізілуін бақылау.
- Жерлерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды, аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемалардың бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
- Өз құзыреті шегінде жер учаскелерін сату бойынша конкурстар мен аукциондар өткізу.
- Аудан жерлерін пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын бағдарламалар, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу.
- Азаматтық-құқықтық мәмілелер кезінде жерге орналастыру құжаттамасының ресімделуін және бекітілуін, жер комиссиясына материалдар дайындалуын бақылау.
- Ауыл шаруашылығын, жер қатынастарын және кәсіпкерлікті реттеу мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету.
Ауданда туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асыруды бақылау
- Қарамағындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басшылық анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау, ауданның дамуын болжау және реформалар барысын бағалау.
- Аудандағы шағын кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамытуды талдау, мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдаланудың жеңілдікті жағдайларын жасауды бақылау.
- Шағын бизнес мониторингін, ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасын әзірлеуді жүзеге асыру.
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуын талдау.
- Инновациялық және индустриялық саясатты іске асыру.
- Бірінші қажеттіліктегі тауарлардың түрлеріне бағаны талдау.
22.Инвестициялық жобаларды әзірлеуді қамтамасыз ету, шетел инвестицияларын қоса алғанда, инвестицияларды тарту.
- Аудандық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.
- Статистикалық деректер бойынша ақпаратты және мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша материалдарды дайындау.
- Мемлекеттік органның стратегиялық шешімдерін әзірлеу, мемлекеттік органның мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру.
- Мемлекеттік органның миссиясынан, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын мемлекеттік органның стратегиялық, реттеушілік, іске асыру немесе бақылау функцияларын жүзеге асыру.
- Мемлекеттік органның миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік органның негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
- Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
- Мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды іске асыру шеңберіндегі жобалау қызметі (жобалау басқармасы).
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астықты мемлекеттік сатып алу көлемін жеткізуді, көктемгі және күзгі дала жұмыстарына ЖЖМ арзандатуды субсидиялауға, ауданда мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің бөлінуін бақылау.
- Экономикалық реформалар барысын үйлестіру, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша нақты мүмкіндіктері жоқ дәрменсіз шаруашылықтарды жою процесін аяқтау бойынша шаралар кешенін жүргізу, ауылда нарықтық инфрақұрылымды дамытуға және инвесторларды тартуға жәрдемдесу, ауылда реформаларды тереңдетуді іске асыруға және аудандағы саланы қаржылық сауықтыруға практикалық көмек көрсету.
- Аудандағы өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын анықтау.
- Прогрессивті технологияларды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру
өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде, өсімдіктерді қорғау мен карантинінде озық тәжірибе технологияларын енгізу.
- Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салалары өнімдерінің сапасына, өсімдіктерді қорғауға, тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, машиналар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын қадағалау, сондай-ақ аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында асыл тұқымдық іс, селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс бойынша бақылау.
- Ауыл шаруашылығы құрылымдарын және шаруа қожалықтарының бірлестіктерін ауылдық өндірістік кооперативтерге нығайту жөніндегі жұмыстардың жалғасуына бақылау жасау.
- Ауданның шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сорттық тұқым өндірісін ұйымдастыруды бақылау.
- Шаруашылық жүргізуші субъектілерді міндетті сақтандыруды ұйымдастыру.
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу, селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жетілдіру.
- Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникалық қамтамасыз етілуін арттыру құралы ретінде лизингтік қатынастарды дамытуға жәрдемдесу.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуді, "Е-қызмет" ИАЖ, мұрағаттық және кадрлық іс жүргізуді бақылау, Бөлімнің электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу арқылы электрондық түрде келіп түскен кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді және жөнелтуді жүзеге асыру.



