
Мұхаметрахимов Амангелді Сайлауұлы
Сараба ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мұхаметрахимов Амангелді Сайлауұлы 1977 жылғы 25 желтоқсанда Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тарих және география мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы
2004 жылдан бастап: Аршалы кентінің №2 орта мектебінде тарих және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
2006 жылдан бастап: Абай атындағы Нововладимировка орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі.
2011 жылдан бастап: Аршалы кентінің №3 орта мектебінің директоры, сонымен қатар тарих және география пәндерінің мұғалімі.
2014 жылдан бастап: Сарыоба орта мектебінің директоры, тарих және география пәндерінің мұғалімі.
2015 жылдан бастап: Абай атындағы Нововладимировка орта мектебінің директоры, тарих және география пәндерінің мұғалімі.
2016 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін: Сарыоба ауылдық округінің әкімі.



