
Өмірбаян
Усович Алла Георгиевна 1990 жылғы 18 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында дүниеге келген.
2010 жылы Қызыләскер аграрлық-техникалық колледжін «АӨК-тегі менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.
2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.
Функционалдық міндеттері:
- Бөлімге жалпы жетекшілік жасау, бөлім жұмысының келешектегі және ағымдағы жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету.
- Жоғары тұрған органдардың, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс, аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының, сондай-ақ ұйымдастыру жұмыстарына қатысты аудан әкімі аппаратының басшысының тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылау.
- Аудан әкімінің аудан халқымен есеп беру кездесулерін өткізу барысындағы тұрғындармен айтылған, ұсыныстар мен ескертулердің уақытылы және сапалы орындалуын бақылау.
- Аршалы ауданында аудан әкімдігінің отырыстарын, аппараттық кеңестерін, сессияларын, жиналыстарын, азаматтар жиындарын өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
- Жоғары тұрған органдардың және аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.
- Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша материалдар дайындау.
- Референдумдарды, Президентті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын, биліктің жергілікті өкілді және атқарушы органдарын сайлауға дайындық пен өткізуге қатысу және практикалық көмек көрсету.
8.Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асырады.
- «Сайлаушы» ААЖ жүйесін қалыптастыруды бақылау.
- «Интегро» ААЖ жүйесін қалыптастыру.
- «Аршалы әкімдігі» WEB-порталының сапалы жаңартылуын бақылайды және ондағы ақпараттың уақытылы орналастырылуына жауап береді.
- Инновациялық ақпараттық технологияларды енгізу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
13.Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз ету.
- Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау.
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізуді бақылау.
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жыл сайынғы есептердің жасалуын және ақпараттың жиналуын бақылау.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету және ұсыну туралы халықты ақпараттандыру бөлігінде сайтты ақпараттық сүйемелдеуді бақылау.
- Ақпараттық жүйелердің жұмысын бақылау.
- Жетекшілік ететін салалардағы жағдай туралы басшылықты хабардар ету.
- Жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзуын бақылау.
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік органдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
- Мемлекеттік қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау мәніне заңнаманы талдау.
- Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
- Мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдарда «Жасырын сатып алушы» әдісімен қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша шаралар қабылдау.
- Қарамағындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
- Өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау.
- Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
- Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету.
- Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру. Жұмыстағы іскерлік қасиеттері мен мәдениетін үнемі арттыру, заманауи экономикалық ойлауды, ұйымдастырушылық дағдыларды игеру, өзінің теориялық және кәсіби дайындығын жетілдіру.
- Қолданыстағы заңнама шеңберінде аудан басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.



