
Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлы
Хромтау ауданының әкімі
1991 жылы 31 қазанда Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты-қазақ. №1Бадамша орта мектебінде білім алып, содан кейін Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатын бітірген. Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған. Сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбритания, Коветри қ., Warwick университетінің «Инновациялар және кәсіпкерлік» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.






























