
Өмірбаян
Жалтаев Нұрболат Рахымұлы – 1973 жылғы 8 қазанда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1999 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру мәдениеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Қопа совхозында жұмысшы болып бастаған. Кейін Қопа орта мектебінде ұстаздық қызметтер атқарған. 2008 жылдан бастап бірнеше рет Қопа ауылдық округінің әкімі және әкімнің міндетін уақытша атқарушы ретінде жұмыс істеген.
2021-2025 жж. жеке секторда жұмыс істеп, «Балқан Құрылыс» ЖШС және «Парус Майнинг» ЖШС-де мастер лауазымдарын атқарған.





