
Өмірбаян
Талдықбаев Мұрат Асқарұлы 1989 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Құдықсай негізгі мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Білім беру жүйесіндегі еңбек еткен жылдарында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сондай-ақ мектеп директорының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды. Өзін ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, білікті де жауапты маман ретінде көрсетті. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар.
Құдықсай ауылдық округінің әкімі болып сайланғанға дейін Құдықсай негізгі мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.





