
Өмірбаян
Асылжан Райысұлы 1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол 2016 жылы Нархоз университетін “Кеден ісі” мамандығы бойынша, ал 2017 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2018 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментінде сарапшының міндетін атқарушы болып бастап, 2023 жылдың тамыз айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Заң департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау және мониторинг басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.


