Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлы

    Хромтау ауданының әкімі

    Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлы
    Аким

    Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлы

    Хромтау ауданының әкімі

    Өмірбаян

    1991 жылы 31 қазанда Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты-қазақ. №1Бадамша орта мектебінде білім алып, содан кейін Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатын бітірген. Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған. Сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбритания, Коветри қ., Warwick университетінің «Инновациялар және кәсіпкерлік» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

    Еңбек жолын 2013 жылы Ақтөбе облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің іс-жүргізу инспекторы ретінде бастаған. Меритократия қағидалары бойынша, бас маман лауазымынан бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымына өткен. 2019 жылдан 2020 жылға дейін «Kazakh Invest» ҰК АҚ өңірлік директоры болып қызмет атқарды. 2020-2023 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ-нің басшысы болып жұмыс атқарған. 2023 жылдан бастап қазірге дейін Хромтау ауданының әкімі болып қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері