
Бөлім басшысы
Мұхаметқали Есет Батырханұлы
«Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Мұхаметқали Есет Батырханұлы 1992 жылы дүниеге келген.
2014 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ-Орыс халықаралық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман қызметінен бастаған. 2017–2024 жылдары аталған бөлімде бас маман қызметін атқарған.
2024–2025 жылдары осы бөлімде сектор меңгерушісі қызметін атқарды.





