
Амантурлиев Бостан Бадиканұлы
«Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Амантурлиев Бостан Бадиканұлы 1986 жылы 23 қарашада дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Мәртөк ауданындағы Андреевка орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары білім беру саласында және ауылдық округ әкімдері аппараттарында жауапты қызметтер атқарған. Құрмансай және Тәңірберген ауылдық округтерінің әкімі болған.
2021–2026 жылдары Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





