
Ерғазин Нұржан Қарымсақұлы
«Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Ергазин Нуржан Карымсакович 1997 жылы дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. 2019 жылы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2019-2020 жылдары «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ жастар тәжірибесінен өту арқылы бастаған.
2020 жылы «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ статистик;
2020 - 2022 жылдары аралығында коммуналдық мүлікпен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2022 - 2025 жж.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ Қазақстандық қамту және инновациялық қызметті дамыту бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2025 жылы «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ өнеркәсіптік даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды.





