Төребеков Руслан Әділұлы
Хромтау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы
Өмірбаян
Төребеков Руслан Әділұлы 1977 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1996 жылы Ақтөбе облыстық тұтынушылар одағының есеп-сауда колледжін, 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2014 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – бухгалтер-претензионист, информатика және экономика салаларының маманы.
Еңбек жолын 1996 жылы Шалқар аудандық ауруханасында есепші болып бастаған. 1998–2000 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқарған. Кейін білім беру саласында еңбек етіп, Шалқар қалалық №1 орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда еңбек етті. Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау органдарында жетекші және бас маман қызметтерін атқарған. 2017–2019 жылдары Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінде, 2019–2023 жылдары Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінде еңбек етті.
2023–2024 жылдары «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыру-талқылау жұмысы бөлімінің консультанты болды. Послужной список8.docx
2026 жылғы маусымнан бастап Хромтау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысының міндетін атқарып, 2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап аталған қызметтің басшысы болып тағайындалды. Послужной список8.docx
Жалпы еңбек өтілі – 26 жылдан астам, мемлекеттік қызмет өтілі – 13 жылдан астам.





