Сараптамалық топтың отырысы өтті

    Сараптамалық топтың отырысы өтті

    Алматы сән және сервис қызметі колледжінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, буллингтің және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл» тақырыбында сараптамалық топтың отырысы өтті.

    Жиын барысында білім беру ортасының стратегиялық басымдықтары, дағдарыс жағдайындағы балалардың құқықтары мен психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық ахуал мәселелері сарапқа салынды.

    Сонымен қатар, қатысушылар суицидтік мінез-құлықтың алдын алу аясында психиатриялық көмек көрсетудің нормативтік-құқықтық және медициналық аспектілерін, емханалар базасында аудандық суицидтің алдын алу орталықтарын құруды (№3 ҚП мысалында), буллингті ерте анықтау алгоритмдерін және дағдарыстық отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу механизмдерін қарастырды.

    Іс-шара соңында қатысушылар сұрақ-жауап форматында өзекті мәселелерді талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру бойынша ұсыныстар дайындады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары