Ұлттық өнер мен рухани құндылықтар «TAMYR» рухани stand-up сахнасында тоғысады

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ұлттық өнер мен рухани құндылықтар «TAMYR» рухани stand-up сахнасында тоғысады

    Атырауда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи-рухани мұраны насихаттауға және өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған «TAMYR» рухани stand-up кеші өтеді.

    Тағылымды кеште тарих, ұлттық өнер мен салт-дәстүр, халық ауыз әдебиеті және рухани құндылықтар сөз болады. Негізгі мақсаты – ұлттық мұраны жастарға жаңа форматта таныстырып, тарихи жады мен ұлттық рухтың маңызын түсіндіру.

    Кеш спикерлері:

    • Дана Нұржігіт – мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, музыкант;
    • Нұржан Өмірбай – айтыскер ақын, ән мәтіндерінің авторы, журналист, тележүргізуші;
    • Әділет Сүйінғалиұлы – терме өнерін насихаттаушы, домбыра үйретуші ұстаз;
    • Нұрбол Маратов – халық ауыз әдебиеті мен ұлттық мұраны дәріптеуші спикер.

    Іс-шара барысында көрермендер белгілі тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен шығармашылығы, ұлттық өнердің ерекшеліктері, дәстүр сабақтастығы және рухани құндылықтардың қазіргі қоғамдағы орны туралы мазмұнды әңгімелерге куә болады.

    Өтетін күні: 4 қыркүйек 2026 жыл
    Басталуы: 20:00
    Өтетін орны: Облыстық халық шығармашылығы орталығы, А.Байжігітова көшесі, 86А

    Шараға қатысу тегін. Тіркелу үшін tamyr_standup Instagram парақшасының био бөліміндегі сілтемеге өтіңіз.

    Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары