Мектеп маңындағы жол белгілері жаңартылуда

    Мектеп маңындағы жол белгілері жаңартылуда

    «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түпқараған ауданының аумағында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде.

    15–20 тамыз аралығында өткізіліп жатқан іс-шара барысында полиция қызметкерлері мектептерге жақын аумақтардағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуда.

    Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп маңындағы жол белгілерінің жағдайы тексеріліп, тозған және талапқа сәйкес келмейтін белгілер жаңартылуда. Сонымен қатар, жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында қажетті орындарға жаңа жол белгілері орнатылуда.

    Аталған жұмыстардың басты мақсаты – оқушылардың мектепке бару және қайту кезінде қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

    Полиция қызметкерлері жүргізушілерді мектептер мен білім беру ұйымдарына жақын аумақтарда жылдамдық режимін сақтауға, жол белгілеріне назар аударуға және балаларға барынша мұқият болуға шақырады.

    Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    https://www.instagram.com/reel/DcL7WErC3Ke/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары