Ақмола облысы прокурорының орынбасары Қосшы қаласының тұрғындарын жеке қабылдады

    Қосшы қаласында Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы қала тұрғындарын жеке қабылдады.

    Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және өзге де салаларға қатысты сұрақтарын қойды.

    Әрбір өтініш бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, көтерілген мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

    Қабылдау қорытындысы бойынша Қосшы қаласының прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органға азаматтардың өтініштерінде көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Азаматтардың өтініштерін қарау және берілген тапсырмалардың орындалуы прокуратураның бақылауына алынды.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары