«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

    ⚖️ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

    Қызылорда облысының әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұ.Оразгелдіұлының төрағалығымен Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен семинар өтті.
    📌 Семинар барысында:
    ▪️ атқарушылық іс жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер;
    ▪️ заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
    ▪️ атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі;
    ▪️ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
    Сондай-ақ жеке сот орындаушыларының қызметінде заң талаптарын сақтау, атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Заңды сақтау – қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің берік негізі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Әділет департаменті" жаңалықтары