«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АЯСЫНДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

    Мемлекет басшысының қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру жөніндегі тапсырмасын, сондай-ақ Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен конституциялық реформалардан туындайтын стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қызылорда облысының Әділет департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысының Полиция департаментінің бірлесуімен кеңейтілген ведомствоаралық семинар-кеңес өтті.

    Іс-шараның басты мақсаты — жаңартылған Конституция нормалары мен Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған «Әділетті Қазақстан» құру бағытындағы басымдықтарды кеңінен түсіндіру, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Әділет департаменті" жаңалықтары