📍 Қызылорда облысының Әділет департаментінде мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
🎯 Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу барысында туындайтын проблемаларды талқылау және «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді жолдау тетіктерін оңтайландыру.
📋 Жиын барысында қарастырылған мәселелер:
💻 Сандық форматқа көшу: Заң көмегін көрсету бойынша өтініштер электронды түрде қабылданады. Қағаз форматы жүйеде техникалық ақаулар туындаған жағдайда қолданылады.
🔄 Жүйелер интеграциясы: Өтініштерді «Қолмен енгізу» функциясынсыз, СДТБТ және «Төрелік» ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқылы жолдау барысы талқыланды.
⚙️ Кедергілерді жою: Адвокаттардан өтініш түсіру кезінде туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары сараланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









