ТАЛАПТАН АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 2

    Шиелі ауданы Талаптан ауылында Қызылорда облысының Әділет департаменті мамандарының, сондай-ақ жеке сот орындаушылар, адвокаттар және нотариустардың қатысуымен тұрғындармен құқықтық кездесу өтті.

    Мақсат – «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттап, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегін көрсету.

    Кездесу барысында ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу бағытында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының жаңа нормалары түсіндіріліп, Әділет департаментінің құзырына кіретін мәселелер, атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық іс-әрекеттер мен адвокаттық көмек көрсету бойынша азаматтарға жеке заңды-құқықтық кеңестер берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Әділет департаменті" жаңалықтары