Қызылорда облысының Әділет департаменті

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    22.10.2026 жылы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жергілікті тұрғындармен құқықтық кездесу өтті. Мақсат – қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын берік орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң бұзушылықтардың алдын алу. Кездесу барысында тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, ҚР Конституциясының жаңа нормалары түсіндіріліп, азаматтарды толғандырған өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді.

    28 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

    🔹Қызылорда облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. 🔹Семинар барысында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жолданымдарды тіркеу, оларды қарау мерзімдері, тыңдау рәсімін ұйымдастыру және тыңдау хаттамасын рәсімдеу, сондай-ақ қайталама өтініштерді есепке алу тәртібі түсіндірілді. 🔹Сонымен қатар, мемлекеттік орган қызметкерлерінің әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтауы, өтініштерді уақтылы әрі сапалы қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жолданымдарды қарау мерзімдерін ұзарту заңдылығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. 🔹Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, практикалық ұсынымдар айтылды. 🔹Заң талаптарын сақтау – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі.

    28 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 264 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЛИМЕНТ БЕРЕШЕГІ ӨНДІРІЛДІ

    Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш Kazinform ақпараттық агенттігіне сұхбат беріп, өңірде алимент берешегін өндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен нәтижелер туралы баяндады. https://kaz.inform.kz/news/kizilordada-264-mln-tengeden-astam-aliment-karizi-ondrld-c6723b7e/

    20 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БАЙҚОҢЫРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Қызылорда облысы Әділет департаментінің Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы – аға сот орындаушысы Ж.К.Баекеева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Байқоңыр қалалық бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. ✅Мақсат – мемлекеттік және қоғамдық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңдылықты нығайту және заң бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында Ж.К.Баекеева сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау және азаматтарға сапалы әрі ашық қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, атқарушылық өндіріс саласындағы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сұрақтар бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    20 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БЕЛКӨЛ КЕНТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Белкөл кентінде Қызылорда облысы Әділет департаменті өкілдерінің және сот орындаушыларының қатысуымен құқықтық кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттап, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында азаматтарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының жаңа нормалары түсіндіріліп, Әділет департаментінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тұрғындарға кеңестер берілді.

    20 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: М.ШӘМЕНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

    Жалағаш ауданындағы М.Шәменов ауылында заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға бағытталған кездесу өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық форматта пікір алмасты. Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, тұрғындарға жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен оның қоғам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Ата Заңдағы негізгі өзгерістер мен азаматтардың конституциялық құқықтары жөнінде ақпарат беріліп, жаңа нормалардың мәні түсіндірілді.

    5 қазан 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Азамат, егер бар болса, мүлікті тегін сыйға тарта ала ма, сот орындаушысын шектеу - «мүлікке билік ету бойынша белгілі бір әрекеттерді(мәмілелерді) жасауға тыйым салу»?

    Жауап

    Мүлікке билік ету бойынша іс-әрекеттер жасауға шектеу болған кезде азаматтың мүлікті сыйға тартуға мүмкіндігі бар. Мәселен, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 32-бабына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттерге тыйым салу мүлікті иеліктен шығаруға ғана қолданылады және оны сыйға тартуға кедергі келтірмейді.

    Сұрақ

    Баланың тууын қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналар немесе басқа да мүдделі тұлғалар баланың туу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш береді. Тууды мемлекеттік тіркеу проактивті тәсілмен, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеу кезінде көрсетілуі мүмкін www.egov.kz. Екі және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде олардың әрқайсысына электронды түрде туу туралы медициналық куәліктер беріледі, олардың негізінде туу туралы бірінен соң бірі жеке жазбалар жасалады және балалардың туу туралы жеке куәліктері беріледі. Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

    Сұрақ

    Қайтадан туу туралы куәлікті талап ету бойынша өтінішті қайда беруге болады, бастапқы куәлік ТМД елдерінде берілді, куәліктің түпнұсқасы жоғалды?

    Жауап

    Егер тууды тіркеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілсе, онда құқықтық көмек көрсету шеңберінде тиісті сұрау салу (туу туралы куәлікті қайта талап ету туралы) жіберіледі, ол куәлік берілген елге пошта байланысы арқылы жіберіледі. Өтініш ТМД елдерінің уәкілетті органынан көрсетілген құжатты талап ету туралы тапсырманы қалыптастыру үшін кез келген тіркеу органына АХАЖ беріледі.

    Сұрақ

    Мен борышкердің анасы боламын, сондықтан мен атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса аламын ба?

    Жауап

    Сіз атқарушылық іс жүргізудің тарапы емес екеніңізді ескере отырып, сіз ұлыңыздың сенімхаты болған жағдайда ғана атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса аласыз. Сенімхат сізге атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға мүмкіндік беру үшін нотариалды куәландырып, сот орындаушысына ұсынылуы тиіс. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 19-бабына сәйкес мұндай сенімхат сізге сенімхатпен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізуге байланысты барлық әрекеттерді жасауға құқық береді.

    Сұрақ

    Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеуді қандай орган жүзеге асырады?

    Жауап

    Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" жүзеге асырады.

    Ақпарат

    Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2026 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытындағы атқарған жұмыс қорытындысы туралы

    Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Аталған жоспарларда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына, сонымен қатар олардың құқықтарын қорғалуына қатысты іс-шаралар қамтылған. Жоғарыда аталған жоспарлар бойынша орындалуы тоқсан сайын Әділет министрлігіне және Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкіліне есебі беріліп отыр. «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» қағидатына сәйкес ақпараттық-түсіндіру сипатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінің қатысуымен де бірнеше шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету мақсатында Болашақ университетінде «Заң үстемдігі – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А.Шагиров, Қызылорда облысы Әділет департаментінің мамандары Ж.Саткеева, Т.Қарабасов, Ш.Бегежанова қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа нормалары, олардың қоғам өміріндегі маңызы және азаматтардың құқықтары мен міндеттері және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері жайлы кеңінен түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша жауаптар алды. Болашақ университет студенттеріне құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Әділет департаментінің мамандарының қатысуымен лекция өткізілді. Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңды құрметтеу жөнінде түсіндірме берілді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Әділет департаментінің ғимаратында жастарға мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен оған қойылатын талаптар түсіндірілген кездесу өтті. Семинар барысында жастарға мемлекеттік қызметке орналасудың жолдары, конкурсқа қатысу тәртібі және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері және мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттары түсіндірілді. Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің м.а Н.Ительгиевамен ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша департамент қызметкерлерімен семинар өткізілді. Шара барысында ұжымда әдептілік пен өзара сыйластықты сақтау, әрбір қызметкердің пікірін құрметтеу, сыпайы қарым-қатынас жасау, бір-біріне қолдау көрсету және әдеп нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын-алу мәселелері сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасуға арналған конкурсқа "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінің порталы арқылы онлайн түрде жүзеге асырылатындығы түсіндірілді. Аталған іс-шараға Әділет органдарының ардагерлері де қатысып өз кезегінде әдептілік нормаларын сақтау және өздерінің кәсіби тәжірбиелерімен бөлісті. Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің м.а Н.Ительгиевамен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Әділет департаментінің Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Ж.К.Баекеева “Әділет” партиясы Байқоңыр филиалы, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, “Ғарыш-инфрақұрылым” КММ және Байқоңыр қалалық архив филиалы қызметкерлерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу мақсатында семинар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған дінтану саласының мамандарымен де профилактикалық жұмыстар өткізіліп отыр. Атап айтқанда, 2026 жылғы 29 қыркүйекте Қызылорда облысының Әділет департаментінде қызметкерлер арасында семинар өткізілді.Семинар барысында Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Ұ.Оразгелдіұлы іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қызылорда облысының Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы Б.Сарсенбайұлы қызметкерлердің өзінің діни нанымдарын таңдау еркіндігі, қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері жөнінде түсіндірмелер берді. Іс-шара барысында қатысушыларға аталған бағыттар бойынша қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, нотариаттық палаталар, жеке сот орындаушыларының палаталары, адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Әділет органдарының ашық есік күні», «Әділет кеңес береді» акциялары да тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Әділет департаментінің ғимаратында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға сот орындаушылары мен нотариустар қатысып, тұрғындардың құқықтық мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді. Әлеуметтік акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа тегін заң көмегін көрсету. Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша еліміздің заң қоғамдастығының білікті өкілдерінен тегін консультация алуға мүмкіндік алды. Іс-шараға Әділет органдарының сала мамандары, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша кеңес берді. Тұрғындар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша мамандарға тікелей жүгінді. Мемлекеттік орган өкілдері азаматтардың көкейтесті сауалдарына толық жауап беріп, заң көмегін көрсетті. Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Бір күн – мың кеңес» құқықтық акциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру және олардың құқықтарын қорғауға қажетті ақпарат ұсыну. Акцияға Әділет департаментінің сала мамандарымен қатар адвокаттар мен нотариустар қатысты. Мамандар азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында кеңестер берді.Тұрғындар тарапынан банк шоттарының бұғатталуы, алимент өндіру, сенімхат рәсімдеу тәртібі және өзге де құқықтық мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, мәселені шешудің заңды жолдары айтылды. Сонымен қатар мамандар тұрғындарға Жаңа Конституция нормалары жайлы кеңірек ақпарат беріп, өзгертулері жайлы түсіндірді. Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ғимаратында атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Ашық атқарушылық іс жүргізу күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Д. Жәнібеков, Қызылорда облысы Әділет бөлім басшысы А. Қосбергенова және жеке сот орындаушылары азаматтарды қабылдап, олардың атқарушылық іс жүргізуге қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды. Кездесу барысында азаматтардың мәселелері жеке қаралып, оларды шешудің заңнамада көзделген жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен түйткілді мәселелері назарға алынып, тиісті бағыт-бағдар берілді. Мұндай іс-шаралар атқарушылық іс жүргізу саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және халықпен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, Әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша БАҚ-да департамент басшылығы және қызметшілерінің мақалалары тұрақты түрде шығарылып, жарияланып отыр. Әділет департаментінің басшысы Б.Әлмештің «Мемлекеттік қызметшінің әдебі-қоғам айнасы» мақаласы 20.07.2026 жылы Ақмешіт жастары газетіне, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлының «Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтауы-халық сенімінің кепілі» мақаласы 23.08.2026 жылы Halyk Line газетіне, Әкімшілік бөлімінің бас маманы Н.Ительгиеваның 07.07.2026 жылы «Әдеп-қоғамдағы өзара сыйластықтың өлшемі» мақаласы, 29.08.2026 жылы Әкімшілік бөлімінің бас маманы Г.Джурабекованың «Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі» мақаласы ZanMedia.kz газеттерінің ресми сайттарында жарияланды. 2026 жылдың 27 тамызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің басшысы Т.Карабасов облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда!» бағдарламасында «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді. Департамент қызметкерлеріне семинар, дөңгелек үстел өткізу барысында жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп отырады. Департамент қызметкерлерімен мереке күндері қарсаңында өткізілетін жиналыстарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қатысты Әдеп кодексінің нормалары түсіндіріліп отырады. «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарда тұрақты түрде өткізіліп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жоспарлы негізде жалғасын таба береді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жылжымайын мүлікке қатысты мәмілелерді натариаттық рәсімдеу тәртібі өзгерді

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі хабарлайды. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді нотариаттық ресімдеу тәртібі өзгерді 2026 жылы 8 қыркүйектен бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді нотариаттық куәландыру тәртібі өзгерді. Енді сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау, кепілге қою және жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға немесе кепілге беруге байланысты, мемлекеттік тіркеуге жататын өзге де мәмілелер мүлік орналасқан жердегі нотариуспен куәландырылады. Енгізілген өзгерістер, ең алдымен, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді ресімдеу үдерісін ретке келтіруге және жүйелеуге бағытталған. Аумақтық қағидат мүлік объектісі, мәмілені нотариаттық куәландыру және құқықтарды кейіннен мемлекеттік тіркеу арасындағы өзара байланысты нақты әрі жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа тәртіп жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ алаяқтық схемалардың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Бұл ретте аумақтық қағидат азаматтардың өз мүлкіне басқа өңірде жүріп билік ету құқығын шектемейді. Егер меншік иесінің жылжымайтын мүлік орналасқан жерге жеке өзі келу мүмкіндігі болмаса, ол Егер меншік иесінің жылжымайтын мүлік орналасқан жерге жеке өзі келу мүмкіндігі болмаса, ол өз атынан қажетті әрекеттерді жүзеге асыратын өкілге сенімхат рәсімдеуге құқылы Мысалы, егер пәтер Астанада орналасқан болып, ал оның меншік иесі Алматыда тұрса немесе уақытша сонда жүрсе, ол басқа тұлғаға сенімхат рәсімдей алады.Өкіл мәмілені Астанадағы нотариуста жүргізе алады. Осылайша, азаматтар басқа қалада немесе өңірде жүріп, сенім білдірілген тұлғалар арқылы жылжымайтын мүлікті бұрынғысынша сата алады, сыйға тарта алады, айырбастай алады жеке кепілге бере алады. Тек мәміленің өзін нотариаттық куәландыру орны өзгереді — енді ол жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша айқындалады. Жаңа талап тек жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерге таралады және басқа нотариаттық әрекеттердің тәртібіне әсер етпейді.

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылау туралы

    Жарияланды:
    Есеп

    Қызылорда облысының Әділет департаментімен 2026 жылдың 2-тоқсанында сыбайлас жемқорлықтың, Әдеп нормаларын сақтау және басқа да бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының Әділет департаментімен 2026 жылдың 2-тоқсанында сыбайлас жемқорлықтың, Әдеп нормаларын сақтау және басқа да бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралары туралы мәлімет. Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Аталған жоспарларда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына, сонымен қатар олардың құқықтарын қорғалуына қатысты іс-шаралар қамтылған. «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» қағидатына сәйкес ақпараттық-түсіндіру сипатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінің қатысуымен де бірнеше шаралар өткізілді. 2026 жылдың 2 сәуірінде Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында студенттерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. 2026 жылдың 29 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлының қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында департаменттің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, әділет органдарының атқаратын жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында пікір алмасу жүргізілді. 2026 жылдың 29 мамырында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Шакімаұлы Жарылқасынов қатысып, қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. 29.05.2026 жылы Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Г.Султанова «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Арал ауданының статистика бөлімі қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтағы жауапкершілік туралы кездесу өткізіп, құқықтық түсіндірме берді. Сонымен қатар, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған дінтану саласының мамандарымен де профилактикалық жұмыстар өткізіліп отыр. 2026 жылдың 26 маусымында Қызылорда облысының Дін басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Қызылорда облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен семинар өткізілді. Семинар барысында діни нанымдарды таңбауға, қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері және экстремизм, жат ағымдардан сақтану жолдары, ұрпақ тәрбиесі жайлы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлы қызметкерлерге іскерлік әдеп және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелері жайлы түсіндірді. 17.04.2026 жылы Қызылорда облысы Әділет департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Әділет департаментінің сала мамандары және адвокаттар мен нотариустар тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, олардың сауалдарына жан-жақты жауап ұсынды және тиісті құқықтық көмек көрсетті. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, нотариаттық палаталар, жеке сот орындаушыларының палаталары, адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Әділет органдарының ашық есік күні», «Әділет кеңес береді» акциялары да тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 30.04.2026 жылы Қызылорда облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Әділет кеңес береді «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара барысында департаменттің сала мамандары, нотариустар мен адвокаттар тұрғындарды қабылдап, олардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Азаматтарға кешенді құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 16.06.2026 жылы Қызылорда облысы Әділет департаментінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» тұжырымдамасын кеңінен насихаттау мақсатында «Әділет кеңес береді» Ашық есік күні акциясы өткізілді. Шара барысында департаменттің сала мамандары, нотариустар мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, көкейтесті сауалдарына жауап берді. Қатысушыларға заңнама нормалары түсіндіріліп, құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін іске асыру мәселелері бойынша кеңестер ұсынылды. 19.06.2026 жылы Қызылорда облыстық нотариаттық палатасының ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Акция барысында тұрғындардың сұрақтарына толық жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. 25.06.2026 жылы Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушы Г.Султанова жеке сот орындаушы, нотариустың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінде «Ашық есік күні» акицясы өткізіліп, тұрғындардың сауалына жауаптар беріліп, құқықтық көмек берілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, Әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша БАҚ-да департамент басшылығы және қызметшілерінің мақалалары тұрақты түрде шығарылып, жариланып отыр. 03.06.2026 жылы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу», сондай-ақ, іскерлік әдеп пен мінез құлық қағидаларын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда адалдық қағидаларын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Бас маман Н.Ительгиеваның 24.04.2026 жылы Ақмешіт жастары газетінің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі тетіктері» мақаласы жарияланды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, болдырмау мақсатында жылына екі рет департамент қызметкерлерінін тергеу изоляторларына алып барып экскурссия ұйымдастырылып тұрады. Департамент қызметкерлеріне семинар, дөңгелек үстел өткізу барысында жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп отырады. Департамент қызметкерлерімен мереке күндері қарсаңында өткізілетін жиналыстарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қатысты Әдеп кодексінің нормалары түсіндіріліп отырады. «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарда тұрақты түрде өткізіліп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жоспарлы негізде жалғасын таба береді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының әділет департаментінің қызметкерлінің тізімі

    Басшылық Әлмеш Баукен Серікұлы Департамент басшысы қабылдау 8-7242-23-10-51 Абай даңғылы,52 Ұзақбай Оразгелдіұлы Департамент басшысының орынбасары 8-7242-23-10-50 Абай даңғылы,52 Әкімшілік бөлімі Ительгиева Нуржамал Алтынбековна бөлім басшысы м.а 8-7242-23-11-29 Абай даңғылы,52 Джурабекова Гульмира Сейткасимовна бас маман 8-7242-23-10-12 Абай даңғылы,52 Алишер Индира Құрбанәліқызы бас маман 8-7242-23-10-12 Абай даңғылы,52 Бадракова Динара Бостановна Бас маман Абай даңғылы,52 Нұргүл Жұмабекқызы Жұмабек Жетекші маман 8-7242-23-10-35 Абай даңғылы,52 Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі Мустафаева Сабира Жумабаевна бөлім басшысы 8-7242-23-10-31 Абай даңғылы,52 Укасова Гульсим Серикбаевна бас маман 8-7242-23-10-31 Абай даңғылы,52 Тулебаева Зейнеш Зарылқасынқызы бас маман 8-7242-23-10-31 Абай даңғылы,52 Тажемуратов Азамат Утепбергенович бас маман 8-7242-23-10-31 Абай даңғылы,52 Диас Нұрланұлы бас маман 8-7242-23-10-31 Абай даңғылы,52 Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Тажикенов Еркин Ондасынович бөлім басшысы 8-7242-23-11-59 Абай даңғылы,52 Байғабылова Роза Итемгенқызы бас маман 8-7242-23-11-59 Абай даңғылы,52 Досмағанбетова Гаухар Нақыпбекқызы бас маман 8-7242-23-10-27 Абай даңғылы,52 Жақсылық Ажаркүл Шынтайқызы бас маман 8-7242-23-10-27 Абай даңғылы,52 Алибекова Айнур Махамбетовна бас маман 8-7242-23-10-27 Абай даңғылы,52 Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі Бегежанова Шахарбан Даулетназарқызы бөлім басшысы 8-7242-23-10-06 Абай даңғылы,52 Французова Мария Александровна бас маман 8-7242-23-10-06 Абай даңғылы,52 Сматова Эльмира Маратқызы бас маман 8-7242-23-10-06 Абай даңғылы,52 Нағашыбай Жанзира Жаңбырбайқызы бас маман 8-7242-23-10-06 Абай даңғылы,52 Нурбаева Инкар Кеңесқызы бас маман 8-7242-23-10-06 Абай даңғылы,52 Лаззат Анесовна Сактаганова бас маман 8-7242-23-10-06 Абай даңғылы,52 Зияткерлік меншік құқығыбөлімі Толеген Орынбасарович Карабасов бөлім басшысы 8-7242-23-10-08 Абай даңғылы,52 Дәурен Айдана Дәуренқызы бас маман 8-7242-23-10-08 Абай даңғылы,52 Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі Қосбергенова Айгуль Жамбыловна бөлім басшысы 8-7242-23-10-53 Абай даңғылы,52 Куляш Еркиновна Абдурахманова бас маман 8-7242-23-10-53 Абай даңғылы,52 Сапарбеков Бижан Калилаевич бас маман 8-7242-23-10-53 Абай даңғылы,52 Әліпбеков Асылжан Әміржанұлы бас маман 8-7242-23-10-53 Абай даңғылы,52 Бозайқызы Муслима бас маман 8-7242-23-10-53 Абай даңғылы,52 Әжіғали Айнұр Асқарқызы бас маман 8-7242-23-10-53 Абай даңғылы,52 Тұңғышбай Сабыржан Серікболұлы бас маман 8-7242-23-10-53 Абай даңғылы,52 Қызылорда облысы Әділет департаментінің «Қызылорда қаласының №1 мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» Бисембаев Манат Кәрімбайұлы бөлім басшысы-аға сот орындаушы 8-7242-23-11-65 Абай даңғылы,52 Ермекбаев Меирамбек сот орындаушы 8-7242-23-11-65 Абай даңғылы,52 Айбусынова Алия Ахметовна сот орындаушы 8-7242-23-11-65 Абай даңғылы,52 Қызылорда облысы Әділет департаментінің «Қызылорда қаласының №2 мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» Саткеева Жанат Маратовна бөлім басшысы-аға сот орындаушы 8-7242-23-17-44 Абай даңғылы,52 Есентай Гүлнүр Есентайқызы сот орындаушы 8-7242-23-17-44 Абай даңғылы,52 Оразбаева Айнур Джалгасбековна сот орындаушы 8-7242-23-17-44 Абай даңғылы,52 Ержанова Зауреш Айтбаевна сот орындаушы 8-7242-23-17-44 Абай даңғылы,52 «Арал аудандық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалы Султанова Галия Муханбетшариповна бөлім басшысы-аға сот орындаушысы 8-724-33-2-21-88 Әбілхайырхан көшесі,34 «Қармақшы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалы Баекеева Жанат Кенжебаевна бөлім басшысы-аға сот орындаушы 8-336-22-7-54-55 Абай көшесі,16

    Жарияланды: