Қызылорда облысының Әділет департаментімен 2026 жылдың 2-тоқсанында сыбайлас жемқорлықтың, Әдеп нормаларын сақтау және басқа да бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралары туралы мәлімет.
Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.
Аталған жоспарларда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына, сонымен қатар олардың құқықтарын қорғалуына қатысты іс-шаралар қамтылған.
«Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» қағидатына сәйкес ақпараттық-түсіндіру сипатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінің қатысуымен де бірнеше шаралар өткізілді.
2026 жылдың 2 сәуірінде Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында студенттерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
2026 жылдың 29 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлының қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында департаменттің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, әділет органдарының атқаратын жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында пікір алмасу жүргізілді.
2026 жылдың 29 мамырында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Шакімаұлы Жарылқасынов қатысып, қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
29.05.2026 жылы Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Г.Султанова «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Арал ауданының статистика бөлімі қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтағы жауапкершілік туралы кездесу өткізіп, құқықтық түсіндірме берді.
Сонымен қатар, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған дінтану саласының мамандарымен де профилактикалық жұмыстар өткізіліп отыр.
2026 жылдың 26 маусымында Қызылорда облысының Дін басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Қызылорда облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен семинар өткізілді. Семинар барысында діни нанымдарды таңбауға, қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері және экстремизм, жат ағымдардан сақтану жолдары, ұрпақ тәрбиесі жайлы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлы қызметкерлерге іскерлік әдеп және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелері жайлы түсіндірді.
17.04.2026 жылы Қызылорда облысы Әділет департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Әділет департаментінің сала мамандары және адвокаттар мен нотариустар тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, олардың сауалдарына жан-жақты жауап ұсынды және тиісті құқықтық көмек көрсетті.
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, нотариаттық палаталар, жеке сот орындаушыларының палаталары, адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Әділет органдарының ашық есік күні», «Әділет кеңес береді» акциялары да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
30.04.2026 жылы Қызылорда облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Әділет кеңес береді «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара барысында департаменттің сала мамандары, нотариустар мен адвокаттар тұрғындарды қабылдап, олардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Азаматтарға кешенді құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
16.06.2026 жылы Қызылорда облысы Әділет департаментінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» тұжырымдамасын кеңінен насихаттау мақсатында «Әділет кеңес береді» Ашық есік күні акциясы өткізілді. Шара барысында департаменттің сала мамандары, нотариустар мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, көкейтесті сауалдарына жауап берді. Қатысушыларға заңнама нормалары түсіндіріліп, құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін іске асыру мәселелері бойынша кеңестер ұсынылды.
19.06.2026 жылы Қызылорда облыстық нотариаттық палатасының ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Акция барысында тұрғындардың сұрақтарына толық жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.
25.06.2026 жылы Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушы Г.Султанова жеке сот орындаушы, нотариустың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінде «Ашық есік күні» акицясы өткізіліп, тұрғындардың сауалына жауаптар беріліп, құқықтық көмек берілді.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, Әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша БАҚ-да департамент басшылығы және қызметшілерінің мақалалары тұрақты түрде шығарылып, жариланып отыр.
03.06.2026 жылы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу», сондай-ақ, іскерлік әдеп пен мінез құлық қағидаларын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда адалдық қағидаларын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Бас маман Н.Ительгиеваның 24.04.2026 жылы Ақмешіт жастары газетінің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі тетіктері» мақаласы жарияланды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, болдырмау мақсатында жылына екі рет департамент қызметкерлерінін тергеу изоляторларына алып барып экскурссия ұйымдастырылып тұрады.
Департамент қызметкерлеріне семинар, дөңгелек үстел өткізу барысында жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп отырады.
Департамент қызметкерлерімен мереке күндері қарсаңында өткізілетін жиналыстарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қатысты Әдеп кодексінің нормалары түсіндіріліп отырады.
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарда тұрақты түрде өткізіліп отыр.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіліп отыр.
Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жоспарлы негізде жалғасын таба береді.