Қызылорда облысының Әділет департаментінде халыққа тегін заң көмегін көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында тегін құқықтық кеңес алуға келген өңір тұрғындарына сала мамандары жан-жақты кеңес берді. Мамандар азаматтардың өтініштері мен толғандырған сұрақтарын мұқият тыңдап, өзекті құқықтық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты түсініктемелер ұсынды.
Мұндай ауқымды шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, халықтың әлеуметтік осал топтары мен көмекке мұқтаж жандардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға оң ықпал етеді.
Қызылорда облысының Әділет департаментінде тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








