«Тимирязев аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-дағы кеңес

    1 / 3

    Тимирязево ауданындағы кезекті көшпелі отырыста Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Тимирязево аудандық ауруханасы» ШЖҚКМ мамандарымен кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері, оның ішінде негізсіз жолдау жағдайлары, сондай-ақ 031/е нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама» құжатын сапасыз толтыру мәселелері қаралды.

    2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының № 260 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына 2026 жылғы 15 қазандағы № 406 бұйрықпен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жеткізілді.

    № 2 МӘС бөлімінің мамандарымен медициналық құжаттаманы рәсімдеу, белгіленген талаптарды сақтау және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған құжаттарды дайындау сапасын арттыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер берілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша аурухана дәрігерлерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары