«Таза Қазақстан»: полиция тазалық сақтауға шақырады

    «Таза Қазақстан»: полиция тазалық сақтауға шақырады

    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері тұрғындарды тазалық сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

    Қоғамдық орындарды ластамау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау – әрбір азаматтың міндеті. Табиғатты қорғау – тек бүгінгі күннің емес, келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоқысты белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

    Полиция қызметкерлері азаматтарды аулаларда, көшелерде, демалыс орындарында тазалық сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

    Тазалық – тәртіптің айнасы! Табиғатты бірге қорғайық! 🌿

    https://www.instagram.com/reel/Db8FVcgietu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары