Мұнайлы ауданында қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікке баса назар аударылуда

    1 / 2

    Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Қуандық Ернұр аудан аумағында қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

    Іс-шара барысында автобус жүргізушілері мен жолаушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпсіздік белдіктерін тағу, қоғамдық көлікте тәртіп сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар жүргізушілерге жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолда жауапкершілік таныту қажеттігі ескертілді.

    Мұнайлы ауданы полиция бөлімі жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік екенін еске салады.

    Жолда сақ болыңыздар! Қауіпсіздік – басты міндет!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары