Бейнеу ауданында балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударылуда

    1 / 12

    Бейнеу ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

    Іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында, қоғамдық орындарда және аудан аумағында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, балалар мен жасөспірімдерге қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертуде.

    Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

    Бейнеу ауданы полиция бөлімі балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік екенін еске салады. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары