Сауда орындарында өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

    Жуалы ауданында сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және ашық отты пайдаланудың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер мен қызметкерлерге ашық отты абайсыз пайдалану, электр желілері мен жабдықтарының ақаулы болуы өртке себеп болуы мүмкін екені түсіндірілді. Сауда орындарында эвакуациялық жолдарды бөгемеу, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолжетімді жерде ұстау, электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау және жанғыш заттарды жылу көздерінен алыс орналастыру қажеттігі ескертілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары