Қашықтықтан семинар өткізілді

    Қашықтықтан семинар өткізілді

    2026 жылғы 6–7 тамыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп «Арнаулы салық режимі» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

    Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасы жаңа Салық кодексінің жобасында көзделген арнаулы салық режимдерін жетілдірудің негізгі бағыттарымен таныстыру, сондай-ақ негізгі өзгерістер мен оларды практикалық қолдану ерекшеліктерін түсіндіру.

    Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

    Тыңдаушылар үшін ZOOM платформасы арқылы дәріс өткізілді. Дәріскер ретінде:

    Ахметова Алтынай Қайыржанқызы – ҚР ҚМ МКК Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары сөз сөйледі.

    Оқыту барысында арнаулы салық режимдерін оңтайландыру, тиімділігі төмен және қайталанатын режимдерді алып тастау, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа оңайлатылған режимді енгізу, жекелеген арнаулы салық режимдерін біріктіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге салық салудағы өзгерістер мәселелері қарастырылды.

    Спикер енгізіліп жатқан өзгерістердің мақсаттарын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және салық заңнамасының жаңа нормаларын қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.

    Семинар қорытындысы бойынша 175 қатысушыға біліктілікті арттырудан сәтті өткенін растайтын сертификаттар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары