Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті ұсыну тәртібі туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) төмендегіні хабарлайды.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді.

    Қазіргі уақытта «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – СӘИЖ АЖ) қолданыстағы Қағидаларға сәйкес мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің барлық нысандарын қабылдау сервисі іске асырылған және жұмыс істейді, атап айтқанда:

    1. ЕН 000.10.01 – «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты»;
    2. ЕН 000.10.02 – «Тауарлар экспорты»;
    3. ЕН 000.10.03 – «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;
    4. ЕН 000.10.04 – «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;
    5. ЕН 000.20.02 – «Тауарлар импорты»;
    6. ЕН 000.20.03 – «Алынған жұмыстардан және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;
    7. ЕН 000.20.04 – «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар».

    Осыған байланысты салық төлеушілер тиісті есептілік нысандарын СӘИЖ АЖ арқылы электрондық түрде ұсынуы қажет.

    Сонымен қатар, СӘИЖ АЖ-де мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын қабылдау функционалының кезең-кезеңімен енгізілуін, сондай-ақ оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және есептілікті ұсыну барысында анықталатын техникалық қателерді уақытылы жою қажеттілігін ескере отырып, Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Комитет аталған есептілік нысандарын ұсыну мерзімін алты айға, 2027 жылғы 15 мамырға дейін ұзартады.

    Бұл ретте ұзартылған мерзім ішінде 2025 жылға арналған аталған есептілік нысандарын уақытылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауаптылық шаралары мен айыппұл санкциялары қолданылмайды.

    СӘИЖ АЖ жұмысында техникалық қателер анықталған жағдайда салық төлеушілер [email protected] электрондық мекенжайы бойынша техникалық қолдау қызметіне жүгінуі қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары