Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 3 - 5 қараша аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы мен Комитеттің Әдіснама департаментінің Салықтық әдіснама басқармасымен бірлесіп «Қосымша құн салығы бойынша заңнамадағы өзекті өзгерістер» тақырыбына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жаңадан қабылданған Салық кодксіндегі қосымша құн салығының негізгі ерекшеліктерін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін ZOOM платформасы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
- ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті Салықтық әдіснама басқармасы басшысының орынбасары – Мадина Тулеугажиевна Жантлеева сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 190 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттарын алды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









