Құрметті API-сервистерді пайдаланушылар!

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті МКК қызметтер мен сервистер порталыныңportal.kgd.gov.kzдомендік мекенжайынанkgd.gov.kzмекенжайына өзгерту бойынша техникалық жұмыстарды жүргізу жоспарланғанын хабарлайды.

    Домендік мекенжайдың өзгеруіне байланысты
    API-сервистерді пайдаланушыларға Порталмен интеграциялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерініздің баптауларына тиісті өзгерістер енгізіп, қолданыстағыAPI-сервистердің мекенжайларын жаңасына ауыстыру қажет болады.

    Үздіксіз интеграциялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында қажетті техникалық іс-шараларды өткізуді алдын ала қарастыруды ұсынамыз.

    Жаңа
    API-сервистер мекенжайларына көшудің нақты мерзімдері мен оларды пайдалану тәртібі туралы қосымша хабарланатын болады.

    Көшудің алдын ала жоспарланған күні – 2026 жылғы 17 қараша.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары