Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары мен дәмханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында кәсіпкерлер мен қызметкерлерге өрттің алдын алуға бағытталған негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, газ баллондарын арнайы белгіленбеген орындарда сақтамау, оларды жылу көздерінен алыс орналастыру, қосылыстардың герметикалығын тұрақты тексеру және газдың шығуына жол бермеу шаралары ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД