Танымал актерлер Каспий теңізіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

    ·
    Танымал актерлер Каспий теңізіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

    Маңғыстау облысында түсіріліп жатқан «Доспехи Бога: Ультиматум» көркем фильмінің түсірілім алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазақстандық танымал актерлермен бірлесіп, судағы қауіпсіздікке бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында актерлер Ақтау қаласына және Каспий теңізінің жағалауына демалуға келетін тұрғындар мен туристерге үндеу жасап, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Олар балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаудың, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеудің, тек рұқсат етілген әрі құтқарушылар кезекшілік ететін жағажайларда ғана шомылудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ демалушыларға дауылды ауа райында суға түспеу, ескерту белгілері мен құтқарушылардың талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

    Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуда әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін еске салады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңізді ғана емес, жақындарыңыздың өмірін де қорғаудың басты кепілі.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары