
2025 жылғы 7–12 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысында өңірдің туристік әлеуетін таныстыруға арналған ақпараттық турлар өтті.
Инфо-турларға 8 қатысушы және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының өкілі қатысты. Бағдарлама аясында қонақтар Маңғыстаудың көрікті табиғи орындарын аралап, өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен, туристік нысандарымен және ерекше атмосферасымен танысты.
Іс-шараның мақсаты – Маңғыстаудың туристік мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, өңірге келетін туристер санын арттыру және ішкі әрі халықаралық туристік бағыт ретінде танымалдылығын күшейту болды.









