
2026 жылғы 3 тамызда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның барлық мектептерінде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді даярлық курстары өз жұмысын бастады.
Курстардың мақсаты – балалардың мектеп өміріне сәтті бейімделуіне жағдай жасау, бірінші сыныпта білім алуға қажетті дағдыларын дамыту және олардың психологиялық әрі әлеуметтік тұрғыдан мектепке дайындығын қамтамасыз ету.
Бағдарлама аясында болашақ бірінші сынып оқушылары мектеп ортасымен танысып, коммуникативтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі дамытушы сабақтарға қатысады.
Сабақтар ауданның барлық мектептерінде үш апта бойы өткізіліп, бүлдіршіндердің білім әлеміне сенімді қадам басуына мүмкіндік береді.




