Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

    Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

    Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқуға жан-жақты дайындау мақсатында 2026 жылғы 3–21 тамыз аралығында ауданның барлық мектептерінде «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді даярлық курстары ұйымдастырылады.

    Курстардың негізгі мақсаты – балалардың бірінші сыныпқа келер алдындағы бастапқы дайындық деңгейін теңестіру және олардың мектеп өміріне сенімді қадам басуына жағдай жасау.

    Сабақтар барысында балалар ойын арқылы:

    * байланыстырып сөйлеу тілін дамытады және сөздік қорын молайтады;
    * қолдың ұсақ моторикасын жетілдіріп, жазуға дайындалады;
    * тыңдау, сөйлеу және қарапайым оқу дағдыларын меңгереді;
    * геометриялық пішіндерді танып, заттарды түсіне, пішініне және көлеміне қарай салыстыруды үйренеді;
    * 10 көлемінде санауды және кеңістікте бағдарлауды меңгереді;
    * сурет салу, мүсіндеу және жапсыру бойынша шығармашылық жұмыстар орындайды;
    * қиялын, шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамын дамытады;
    * мектеп ортасына бейімделіп, мектептегі тәртіп ережелерімен танысады;
    * оқу әрекетіне деген қызығушылығы мен ынтасын қалыптастырып, өзіне деген сенімділігін арттырады.

    «Балақайлар мектебі» – балаңыздың мектепке психологиялық және танымдық тұрғыдан дайындалуына, болашақ мұғалімдерімен және сыныптастарымен танысуына, жаңа ортаға оңай бейімделуіне мүмкіндік беретін тамаша жоба.

    Балаңыздың жарқын болашағына сенімді қадам жасауына бірге жол ашайық!

    Болашақ бірінші сынып оқушыларын 2026 жылғы 3–21 тамыз аралығында өтетін «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді даярлық курстарына шақырамыз!

    Ұқсас материалдар