Түпқараған ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыс жүргізілді

    Түпқараған ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыс жүргізілді

    Түпқараған ауданы полиция бөлімінің профилактикалық кабинетінде отбасы тыныштығын бұзған азаматпен Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкері Г. Байкуренова профилактикалық сұхбат жүргізді.

    Әңгімелесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, отбасыдағы жанжалдардың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматқа құқыққа қайшы әрекеттердің жауапкершілігі түсіндіріліп, алдағы уақытта заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

    Полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары