Жаңаөзенде полицейлер оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді

    Жаңаөзенде полицейлер оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді

    Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері оқушылар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық сабақ өткізді.

    Сабақ барысында полицейлер балаларға жолды белгіленген жерден кесіп өту, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, бағдаршам талаптарын сақтау және жол жиегінде қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін түсіндірді.

    Сонымен қатар көлік құралдарының алдынан жүгіріп өтудің қауіптілігі, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі және қараңғы уақытта жолда сақтық шараларын сақтау қажеттігі айтылды.

    Полиция қызметкерлері оқушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде орындаудың маңыздылығын атап өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары