«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік

    «Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға бағытталған бейнеролик әзірленді.

    Бейнероликтің негізгі мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға және қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға шақыру.

    Тазалық пен қоғамдық тәртіп – өзара тығыз байланысты. Қоғамдық орындарды ластау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастау және абаттандыру талаптарын бұзу елді мекендердің санитарлық жағдайы мен көркіне кері әсер етеді.

    Осыған байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындарды экологиялық бастамаларды қолдауға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және табиғатты қорғауға үлес қосуға шақырады.

    Тазалық – әр азаматтан басталады!
    Таза орта – қауіпсіз әрі жайлы қоғамның негізі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары