Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

    ·
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

    2026 жылғы 24 шілдеде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Абжатов Е.А Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты.
    Алқа отырысы барысында Министрліктің 2026 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің қорытындылары шығарылып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы және азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері туралы негізгі көрсеткіштер қаралды, сондай-ақ екінші жарты жылдыққа арналған басым міндеттер айқындалды.
    Алқа отырысының қорытындысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге, еңбек заңнамасының сақталуына, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және аумақтық бөлімшелер жұмысының тиімділігін күшейтуге бағытталған тапсырмалар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары