
Бүгін Astana Tourism мен Rakuten Sports компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Астанада спорттық туризмді дамытуға және ірі халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге бағытталған.
Rakuten Sports компаниясымен ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, бірлескен серіктестік жобаларды дамытуға, сондай-ақ спорт, ойын-сауық индустриясы және бұқаралық іс-шараларды өткізудің заманауи форматтары арқылы Астананың халықаралық аренадағы танымалдығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Rakuten Group – 1997 жылы Токиода құрылған жаһандық технологиялық топ. Компания электрондық коммерция, финтех, цифрлық контент, коммуникациялар және спорт салаларында кең ауқымды қызметтерді дамытады. Rakuten спорт саласындағы жобалары мен серіктестіктерімен де танымал. Олардың қатарында Vissel Kobe футбол клубы мен Tohoku Rakuten Golden Eagles бейсбол клубына иелік ету, сондай-ақ NBA-ның Golden State Warriors командасымен демеушілік серіктестік бар.
Rakuten Sports – Rakuten Group-тың спорт саласындағы бизнес бағыты. Компанияның негізгі ұстанымы – спорттың тіліне, мәдениетіне және географиялық орналасуына қарамастан, адамдарды біріктіретін күш екендігіне негізделген. Компания спорт саласындағы 130-дан астам құқық иеленушіні, соның ішінде командаларды, лигаларды, спортшыларды және халықаралық спорттық іс-шараларды біріктіретін кең ауқымды желіге қол жеткізе алады.
Rakuten Sports осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әлемнің түрлі нарықтарында серіктестік байланыстар орнатуға және дамытуға ықпал етеді.
Іс-шаралар портфеліндегі жобалардың бірі – Rakuten Cup турнирі. Турнир аясында елге FC Barcelona және Chelsea FC командалары келіп, екі матч өткізілді: Barcelona – Chelsea ойыны Saitama Stadium стадионында, ал Vissel Kobe – Barcelona кездесуі Кобе қаласында өтті.
Rakuten Sports компаниясы NBA-мен бірлесіп NBA Japan Games турнирін ұйымдастырды. 2022 жылы Rakuten NBA ойындарын Жапонияға әкеліп, Golden State Warriors және Washington Wizards командалары Saitama Super Arena аренасында екі кездесу өткізді.
Rakuten теннис турнирлерінің жаһандық серіктесі, сондай-ақ Davis Cup by Rakuten және ATP 500 жарыстарының титулдық серіктесі атанды.
Дерккөз: https://global.rakuten.com/corp/news/press/2026/1001_02.html








