
Новосибирск қаласында «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы SCAT Airlines әуе компаниясымен бірлесіп, Астананың туристік әлеуеті мен әуе компаниясының 2026/2027 жылдарға арналған қысқы ұшу бағдарламасын таныстырды.
Презентацияға Новосибирск туристік қоғамдастығының 115 өкілі қатысты.
Қатысушылар елордадағы іс-шаралар күнтізбесімен, жаңа туристік нысандармен, Wonderland Astana қысқы қалашығымен, сондай-ақ жаңа турбағдарламалар әзірлеу және екі қала арасындағы туристік ағынды арттыру мүмкіндіктерімен танысты.
Ресей Астана үшін негізгі туристік нарықтардың бірі болып қала береді: елордаға келетін туристердің жалпы санының шамамен 40%-ын Ресейден келген туристер құрайды.
Әуе компанияларымен ынтымақтастық Астананың туристік бағыт ретіндегі қолжетімділігін арттыруға, елорданы жаңа, оның ішінде транзиттік маршруттарға қосуға және шетелдік қонақтарды тартуға қосымша мүмкіндіктер береді.
Өз кезегінде, Astana Tourism әуе компаниялары, туристік бизнес және нарықтың басқа да қатысушылары арасындағы байланыстырушы буын ретінде олардың мүмкіндіктерін біріктіріп, Астанаға жаңа туристік өнімдер мен маршруттарды қалыптастыруға ықпал етеді.









