Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Петропавл қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бару жүзеге асырылды

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Петропавл қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бару жүзеге асырылды

    Мекеменің негізгі міндеттері қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, белгіленген стандарттарға сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай-ақ кешенді оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.
    Сапар барысында қамқорлықтағы адамдардың тұру жағдайлары, тамақтануды ұйымдастыру, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ мекеменің материалдық-техникалық базасының жай-күйі бағаланды.
    Тұрғын блоктар, медициналық пункт, емшара кабинеттері, ас блогы және бос уақытты өткізуге арналған орындар қаралды. Қамқорлықтағы адамдардың адамгершілікпен қаралуға құқығын сақтау, ортаның қолжетімділігі, көрсетілетін қызметтердің сапасы және техникалық жарақтандырылу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Орталықта тұратын азаматтармен және қызметкерлермен әңгімелесу жүргізілді. Әңгімелесу барысында тұру жағдайлары, медициналық және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, оңалту іс-шараларын өткізу және жеке бағдарламалардың іске асырылуы мәселелері талқыланды.
    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының, адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Әлеуметтік кодекстің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың ережелері ескеріле отырып қаралды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары