«Ашық мүмкіндіктер диалогы: Заң. Адалдық. Қауіпсіздік» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуіне қатысу

    «Ашық мүмкіндіктер диалогы: Заң. Адалдық. Қауіпсіздік» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуіне қатысу
    2026 жылғы 16 қыркүйекте Г. Мүсірепов атындағы облыстық кітапханада колледж студенттерімен өткен «Ашық мүмкіндіктер диалогы: Заң. Адалдық. Қауіпсіздік» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуіне қатыстым.
    Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, ұлттық заңнаманы және халықаралық құқықтық стандарттарды қолдану, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері қаралды. Кездесуге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Жастар комиссиясының мүшесі де қатысты. Комиссия Уәкіл жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және жастардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелерді қарауға қатысады.
    Қатысушыларға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының мандаты мен қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау, жабық мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу және превентивтік баруларды жүзеге асыру туралы ақпарат берілді.
    Құқықтық және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға интернет-алаяқтық, кибербуллинг, банк карталарын, дербес деректерді және банк шоттарына қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беру тәуекелдері түсіндірілді. Мұндай схемаларға қатысу әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін екені атап өтілді.
    Сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қызметі туралы ақпарат берілді. Оның қатысушылары превентивтік баруға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылы қазіргі ҰАТ қатысушыларының өкілеттік мерзімі аяқталады. ҰАТ қатысушыларын жаңа екі жылдық мерзімге іріктеу үшін конкурстық рәсім өткізу жоспарлануда.
    Жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарын сақтау бөлігінде бас бостандығын шектеу адамның қадір-қасиетіне, тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайларға және медициналық көмек алуға деген құқықтарын шектемейтіні атап өтілді. Бұл мәселелер қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жүргізілетін превентивтік барулар барысында қаралады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары