Зерендіде халықаралық марафонға 11 елден 1,5 мыңға жуық қатысушы жиналды

    Зерендіде халықаралық марафонға 11 елден 1,5 мыңға жуық қатысушы жиналды

    Зерендіде бесінші мерейтойлық ZERENDA HALF MARATHON халықаралық марафоны өтіп, оған Қазақстанның әр өңірінен және 10 шет елден 1,5 мыңға жуық спортшы қатысты.

    Жарысқа Ресей, Германия, Польша, Италия, Словения, Венгрия, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь және Өзбекстаннан қатысушылар келді.

    Спортшылар Зеренді көлінің маңындағы көркем табиғат аясында алты түрлі қашықтық бойынша бақ сынады. Бағдарламада балалар жарысы, 21,1 шақырымдық жартылай марафон, 30 шақырымдық Hills және скандинавиялық жүріске арналған Nordic Walk болды.

    10 шақырымдық қашықтықта Астанадан келген Ерлан Тайтлеуов жеңімпаз атанды.

    Марафонға әртүрлі жастағы спортшылар қатысты. Ең егде қатысушының жасы 77-де болды. Жарыс жыл сайын қатысушылар санын арттырып, өңірде бұқаралық спорт пен белсенді өмір салтын насихаттайтын халықаралық шараға айналып келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары