«Алматы» ауданында Ашық есік күні өтті

    «Алматы» ауданында Ашық есік күні өтті

    Елордадағы «Алматы» ауданында Ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында тұрғындар аудан әкіміне және бейінді ұйымдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

    Іс-шараға ауданның 100-ден астам тұрғыны қатысты. Азаматтар ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты түрлі мәселелерді көтеріп, жауапты мамандармен оларды талқылап, тиісті түсініктемелер алды.

    Аудан әкімі Рустем Тауекелов тұрғындардың өтініштерін жеке тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді және көтерілген мәселелердің шешілуін жеке бақылауына алды.

    Сонымен қатар тұрғындар аудан әкімінің аппараты қызметкерлерінен ғана емес, қалалық басқармалар, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызмет өкілдерінен де қажетті түсініктемелер алды.

    Мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, азаматтардың өтініштерін жедел қарауға және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

    https://www.instagram.com/p/Dd-qvIro1A_/

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары