Кәсіби біліктілікті арттыру семинары

    1 / 5

    2026 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бірқатар қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған кәсіби біліктілікті арттыру семинарына қатысты.

    Аталған семинар-курсқа Департаменттің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі нің басшысы Болтаева К.А, №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі нің бас маманы Ещанова Ж.К, Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы Кудабаева Ж.М,Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Орманов Б.Б және бас маманы Рамазанов А.А., және Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Әбдіқалиев Е.Қ қатысты.

    Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбы аясында маңызды ақпараттар мен өзекті мәселелер кеңінен қамтылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби білімдерін жетілдіруге және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырыл ды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары