1 ҚАЗАН – ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    1 ҚАЗАН – ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
    Құрметті қазыналы қариялар!
    Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Қазақ халқы қашанда үлкенді сыйлап, қариясын құрметтеген. Өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп, ақ батасы мен ақыл-кеңесін арнаған ардақты ақсақалдарымыз бен аяулы әжелеріміз – елдің асыл қазынасы.
    Сіздердің ғибратты ғұмырларыңыз бен ел дамуына қосқан еңбектеріңіз – кейінгі буынға үлгі. Отбасының берекесін кіргізіп, ұрпақтың тәрбиесіне бағыт-бағдар беріп отырған барша қарияның орны қашанда төрде.
    Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз! Әрдайым ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ақ баталарыңызды беріп, ел-жұрттың құрметіне бөленіп, төріміздің сәні болып жүре беріңіздер!
    Құрметті қариялар, сіздерге деген алғысымыз бен құрметіміз әрдайым шексіз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары